16.10.2022 Астана халықаралық университетінің педагогикалық институтының студенттері қайырымдылық көмек көрсету үшін 3 отбасымен кездесті

2022 ж. 27 қаз., бс, 13:34

16.10.2022 күні Астана Халықаралық Университеті, педогогикалық институты, математика мамандығының 3 курс студенттері және 1 курс магистранттары қайырымдылық жасау мақсатында 3 отбасымен жүздесті. Бұл қайрымдылық шараның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету еді. 2 отбасының ошағын жылытып отырған жалғыз басты аналар, 1 отбасыда ана орнына ана болып отырған жалғыз басты әке және әр отбасында өмірге ерекше болып келген баладан бар. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші,  бәріміз бір үйдің баласындай бірігіп, әке орнына ”әке”, ана орнына “ана” болып отырған қаһармандарымыздың үйлеріне барып қайттық. Әр отбасыға азын-аулық азық-түлік пен тұрмыстық керек жарақтар  апарып бердік. ”Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің“ — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. ”Жанашырлыққа – жан риза” дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іс және де әрбір адамның азаматтық парызы. Осыған орай біз, қайырымдылық іс-шарасын алдағы уақытта әдетке айналдырамыз деген ойдамыз.


1913