ИРАН ҒАЛЫМДАРЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ КӨРМЕ ӨТКІЗДІ

2024 ж. 8 ақп., бс, 04:20

B Ираннан келген ғалымдар әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебіне ежелгі жазбаша қолжазбалар көрмесін және каллиграфия бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Іс-шараларды Иранның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен "Нұр" халықаралық микрофильмдер орталығының мамандары ұйымдастырды.

Жоғарыда аталған орталықтың директоры, профессор Мехди Қажа Пири қазақстандық студенттер мен ғалымдарға ежелгі қолжазбаларды қалпына келтіру бойынша дәріс оқыды. Профессорлар Хусейн Али Джафариани мен Вафадар Моради жазбаша мұраның сирек үлгілерін ұсынды.

Профессор Хамид Малекиани каллиграфия бойынша қызықты мастер-класс өткізді, онда студенттер белсенді қатысып, тарихтың бұрын зерттелмеген беттерін ашып, құнды тәжірибе жинады. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар Иранның тарихи-мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға және құнды тарихи құжаттарды қалпына келтіру саласындағы білімдерін байытуға мүмкіндік алды.


358