6 ақпанда Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің «Рекреациялық география және туризм» БББ 1 курс студенттері «Геология және геоморфология негіздері» пәнін оқу аясында Астана қаласының Минералогиялық мұражайына барды. Экскурсияның мақсаты «Минералдар» тақырыбын практикалық оқу болды. Көрмеде мұражай директоры және негізін қалаушы Исмаилов Олжабай Жұмағалиұлы жинаған көптеген бірегей экспонаттар жинақталған. Студенттер республикамыздың және басқа елдердің пайдалы қазбаларымен танысты. Олар асыл және жартылай асыл тастарды, қазбаларды және басқа да заттарды қолдарымен ұстап көрді.
Бұл экскурсия пайдалы қазбалардың табиғи әртүрлілігі туралы түсінік қалыптастыруға, студенттердің ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік берді. Студенттердің табиғи қазыналардан эстетикалық ләззат алуға жағдай жасағаны үшін мұражай меңгерушісі О.Ж.Исмайыловқа шынайы алғысымызды білдіреміз.