Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіндегі Сержан Башировтың көрмесі

2023 ж. 6 нау., дс, 08:44

3 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Текті өнердің шеңбері» көрмесінің салтанатты ашылуы болды. Көрмеге Жоғары өнер және дизайн мектебінің аға оқытушысы, белгілі зергер, реставратор, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО-ның Сапа белгісі сертификатының иегері Сержан Башировтың коллекциясынан алынған түпнұсқа туындылар мен жәдігерлер қойылған.


Сержан Мұратұлы шығармаларында қазақ сәндік-қолданбалы өнер дәстүрлерінің бастаулары қазіргі пластикалық тілмен ұғынылады. Автор стилінің эстетикасы ежелгі архаикалық нышандарды жаңғыртады, олардың идеялық мағыналары суретшіге интуитивті түрде сезіліп, заманауи көркемдік дизайнда бейнеленген.


Дәстүрлерді жалғастыра отырып, С.М.Баширов қазіргі уақытта Қазақстандағы және одан тысқары жерлердегі көркемдік процестің белсенді қатысушылары болып табылатын көптеген заманауи шеберлердің тәлімгері болды. Олардың жұмыстары да көрмеге қойылған. Еліміздің көрнекті мұражайының көрмесіне «Дизайн» мамандығы бойынша оқитын 4 курс студенттерінің қатысуын ерекше атап өтеміз. Олардың шығармашылық жолы енді ғана басталып жатыр және бұл ең жақсы заманауи суретшілердің бірімен өз жұмыстарын ұсынудың өте жақсы бастамасы.


975