«ASTANA.ART. PLEINER» халықаралық шығармашылық симпозиумының ғылыми бағдарламасы.

2023 ж. 22 мау., бс, 04:30

«ASTANA. ART. PLEINER» халықаралық шығармашылық симпозиумы Астана Халықаралық университетінің 5 жылдығына арналған Өнер және дизайн жоғары мектебі ұжымының бастамасымен 2023 жылғы 7-9 маусым аралығында өтті. Әр түрлі қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарынан қатысуға шақырылған профессор-оқытушылар құрамы үшін ғылыми бағдарлама ұйымдастырылды.


Педагогика ғылымдарының докторы, Новосібір педагогикалық университетінің профессоры, Ресей Федерациясының Суретшілер Одағының мүшесі, Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шаляпин Олег Васильевич педагогтар үшін 36 сағат көлемінде «Ресейлік және шетелдік тәжірибедегі көркемдік білімнің бүгінгі жай-күйі, үрдістер мен перспективалары» атты дәрістер курсын оқыды. Дәріс курсының негізгі тақырыбы - дизайнердің кәсіби білім беру процесінің тиімділігін арттыру, стильдік, тұжырымдамалық және композициялық өзара әрекеттесудің синтезі ретінде нақты көркемдік және дизайнерлік ойлауды қалыптастыру міндеті. Әр дәріс кездесуі қатысушылардың көркемдік білім берудің заманауи мүмкіндіктері мен мәселелері туралы пікірталастарымен аяқталды.


Симпозиумның ғылыми бағдарламасының теориялық бөлігінің практикалық жалғасы пленэр және композиция бойынша мастер-класстар болды, оған «ASTANA ART. PLEINER» қатысушылары мен Қырғызстаннан, Ресейден және қазақстандық шығармашылық жоғары оқу орындарынан келген көптеген педагогтар белсенді қатысты.


721