AIU Sage Publishing баспасымен бірге ғылыми көкжиегін кеңейтуде

2024 ж. 25 қаң., бс, 08:25

Astana International University-де Sage Publishing Asia-Pacific (http://www.sagepublications.com/) спикері Мира Рустамқызы Құрманбаевамен, сату және нарықты дамыту жөніндегі аға менеджерімен университет басшылығы, ЖМ декандары, кітапхана қызметкерлері, AIU ғалымдары мен жас ғалымдары онлайн форматта кездесу өткізді.

Sage «S» баспасының негізін 1965 жылы Нью-Йоркте Сара Миллер-Маккьнмен бірге Macmillan Publishers компаниясының бұрынғы басшысы Джордж Д.МакКюн құрған. Баспа жылына 1000-нан астам ғылыми журналдар мен 800-ден астам кітапты, анықтамалық материалдарды (энциклопедиялар, сөздіктер мен анықтамалықтар) басып шығарады, әрі бизнес, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, техника және медицина салаларын қамтитын электрондық өнімдер шығарумен айналысады.

Sage Publishing – зерттеушілерге, ғалымдарға және кәсіпқойларға сапалы және өзекті материалдарды ұсынатын ғылыми әдебиеттерді шығаратын әлемдік жетекші баспалардың бірі. Сонымен қатар, Sage Publishing ғылыми-зерттеу қауымдастықтарына конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру арқылы белсенді түрде қолдау көрсетіп, білім мен тәжірибе алмасуды жеңілдетеді.

2024 жылдың 1 ақпанынан бастап Sage Publishing AIU-ға онлайн ресурстарға, университетте оқу үшін ең маңызды дағдыларды қамтитын әртүрлі сарапшылар жинағына, соның ішінде білім беру ресурстарына, онлайн курстарға, оқу модульдері мен нұсқаулықтарына қол жеткізуді қамтамасыз етпек. Аталмыш ғылыми құралдың бәрі енді бір платформада!


Бұл AIU студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми және ақпараттық дағдыларын жетілдіруге, сонымен қатар сандық платформа мен интерактивті форматтарды пайдалана отырып, кәсіптік құзыреттіліктерін арттыруға, білім беру мен алуды ыңғайландыруға тамаша мүмкіндік береді. Осылайша әйгілі баспамен бірге AIU ғалымдарына ғылыми көкжиек кеңейе түседі деген үміт зор!


697