пятница, 22 апреля 2022 г. Студенты AIU заняли второе место на Республиканской олимпиаде по физике AIU студенттері Республикалық физика пәні олимпиадасында екінші орын алды

2022 ж. 22 сәу., жм, 07:10

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ФИЗИКА пәнінен XIV Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша AIU командасы жалпы командалық есепте 2 орынға ие болды. Олимпиада 20-21.04.2022 ж. аралығында Павлодар педагогикалық университетінің базасында өтті.

AIU физиктер командасының атынан үш студент – Жақан Әміржан (2 курс), Қалдыбек Асылжан (3 курс) және Түгелбаева Қарақат (1 курс студенті) қатысты.

Физика пәнінен олимпиада үш кезеңде (теориялық деңгей, есептер шығару және зертханалық зерттеу) өткізілді. Оған еліміздің 15 өңірлік жоғары оқу орындарының қатысушылары қатысты. Топ жетекшісі Асс. профессор, PhD Нұркенов Серік Амангелдіұлы.


1244