2023 жылғы 17 қазанда Астана Халықаралық университетінде студенттер және оқытушыларымен превенция басқармасының басшысы Әсет Қанышұлы Оспановпен және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Алмагүл Еркінқызы Кенебаевамен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-мемлекеттік саясаттың басым бағыты» тақырыбында кездесуі өтті.
Іс-шара 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өтті.
Құқық жоғары мектебінің деканы Хайрмұханмедов Нұрбек Исабайұлы кездесуде сөз сөйлеп, университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Іс-шараға деканның орынбасары Жанат Дүйсенбайұлы Сеиллханов, топ кураторлары Е. С. Жамбаев, М. К. Журунова, А. К. Елеубекова қатысты.
Превенция басқармасының басшысы Әсет Қанышұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік шаралар туралы материалдарды, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын таныстырды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды сақтамау салдарларының тәжірибесімен бөлісіті.
Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Алмагүл Еркінқызы өз баяндамасында еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын мүлтіксіз ұстану қажеттігін атап өтті, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету үшін Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тартып және «нөлдік төзімділік» қалыптастыру үшін студенттер тарапынан да, профессорлық-оқытушылық құрамы тарапынан да жұмыстыр жүргізілу керек екенін атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша белсенді сұрақтар қойды.