«Ағылшын тілі дағдылары: біліміңді тексер» халықаралық олимпиадасында құрметті II орын

2023 ж. 25 мам., бс, 16:07

Халық даналығына ешкім шүбә келтірмейді: Қанша тіл білесің, сонша рет адамсың! Шет тілін білу – өмірдегі табыстың кілті. Бүгінде бірнеше тілді білу тек шетелдіктер үшін ғана емес, қазақстандық жұмыс берушілер үшін де міндетті талапқа айналуда! Шет тілін жетік меңгеру жақсы кәсіби дағдылармен қатар маманға лайықты жұмысқа орналасып, табысты мансап құруға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің студенттердің бірнеше тілді меңгеруге ұмтылып, түрлі байқаулар мен олимпиадаларда өз қабілеттерін көрсетуі қуантады. 

Сондай мақсатты, дарынды АМУ студенттерінің бірі ШТ БМ 1 курс студенті Әбдімұқашева Алина Ерлібекқызы. Алинаның болашақ бастауыш сыныптың ағылшын тілі пәнінің мұғалімі екені екі есе қуантады! 2023 жылдың сәуір айында Алина Мәскеуде өткен «English skills: check your knowledge»  атты халықаралық ағылшын тілі онлайн олимпиадасына қатысып, ағылшын тілін өте жақсы меңгергенін көрсетіп, Құрметті екінші орынды иеленді! Алина Әбдімұқашева мен оның ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Хасенова Роза Төкенқызын жеңісімен құттықтап, жұмыс және оқуына табыс тілейміз!



1524