2023 жылғы 15 мамырда Астана халықаралық университеті ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық ветеринариялық зертханасымен ынтымақтастық туралы келісім жасады.

2023 ж. 22 мам., дс, 11:48

2023 жылғы 15 мамырда Астана халықаралық университеті ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық ветеринариялық зертханасымен ынтымақтастық туралы келісім жасады. Кәсіпорынның негізгі қызметі тұрақты диагностикалық зерттеулер жүргізу арқылы халықты жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғауға және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша елдің эпизоотиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, кәсіпорын зертханалық зерттеулер мен ветеринариялық-санитариялық сараптаманы, өлшеу құралдарын тексеруді және сынақ жабдықтарын аттестаттауды, дезинфекция сапасын бактериологиялық зерттеу және биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуды мен жоюды жүргізеді. ⠀

Келісім-шарт бойынша университет пен кәсіпорын  білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, атап айтқанда, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және студенттердің тәжірибелері мен тағылымдамаларын зертханада ұйымдастыруға мүдделі екендігі айқындалды.

Ынтымақтастық аясындағы алғашқы кездесу барысында зертхана бас директорының өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары Айталы Ермек Болатұлы мен жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы Сейітхан Айнұр Сейітханқызы зертхана базасында биолог-студенттердің өндірістік практикасын өткізуге келісті.

Өзара тиімді және жемісті ынтымақтастық болатынына сенеміз!!


1249