ММПУ-мен ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде
16.06-25.06.2022 ж. аралығында (72 сағат) Философия докторы (PhD) Серік Амангелдіұлы
Нуркенов Мәскеу қаласының физика, технология және ақпараттық жүйелер
институтының базасында ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдаманың мақсаты практикалық дайындық түрінде
біліктілікті арттыру бағдарламасын меңгеру және теориялық білімді тереңдету,
ғылымның іргелі және қолданбалы нано ғылым саласында, сондай-ақ физик
студенттерді даярлауда перспективалық әдістер мен жабдықтарды қолдана отырып,
ғылыми зерттеулерде тәжірибе жинақтау жұмыстары, дағдыларды игеру болды.
Ғылыми тағылымдамадан өту барысында функционалды нано
материалдарды, сондай-ақ қолданбалы зерттеулердегі микро және нано
электрониканың технологиялық процестерін қоса алғанда, конденсацияланған
жағдайдағы физикасының әртүрлі объектілерінің электрлік, оптикалық қасиеттерін
жасау және зерттеу үшін пайдаланылатын физикалық эксперименттің қазіргі заманғы
әдістері егжей-тегжейлі қаралды және зерттелді.
Тағлымдама барысында оқытушы ММПУ-нің жалпы және эксперименттік физика
кафедрасында оқу процесін ұйымдастыру, ИФТИС-те дайындық бағыттары бойынша оқу
процесін әдістемелік қамтамасыз ету,
құзыреттілікті қалыптастыру технологиялары, студенттердің білімін
бақылау бойынша әдістемелік материалдар, курстық және дипломдық жобаларға
қатысты материалдар, студенттердің өзіндік жұмысын қамтамасыз етуге арналған
материалдар және ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру шараларымен егжей-тегжейлі
танысып келді.
Сонымен қатар ол университет түлектерінің дипломдық
жобаларын қорғауға қатысты. Итис зертханалары, технопарк және астрокосмикалық
орталық жұмысымен танысты (жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері).
Тағылымдама аясында жоғарыөткізгіштік физика, фотоника, кванттық сенсорлар
және наноқұрылымдарды жасау технологиялары саласындағы ғылыми зерттеулерге назар
аударылды. Бірқатар ғылыми жарияланымдар мен бірлескен жоспарлар
талқыланды.
Тағылымдама
қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың келешектегі іс-шаралары анықталды. Атап айтқанда:
- Ғылыми
зерттеулерді (жобаларды) іске асыру саласындағы бірлескен ынтымақтастық;
- Студенттер мен
магистранттарға арнайы шақыртулар бойынша дәрістер ұйымдастыру;
- Студенттерді/магистранттарды
дайындау және оқытуға бірлесіп қатысу (ғылыми зерттеулер жүргізу үшін
тағылымдамаларды ұйымдастыру).
- Бірлескен ғылыми зерттеулерді орындау және
жарияланымдар дайындау үшін тығыз ынтымақтастық жолға қойылды.