АТжИЖМ студенттері бағдарламалау бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадада I орын алды

2023 ж. 28 сәу., жм, 11:13

2023 жылғы 26-28 сәуір аралығында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің (Петропавл қ.) базасында «6В06 Ақпараттық-Коммуникациялық Технологиялар» бағыты бойынша студенттер арасында Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

Республикалық олимпиада 2 кезеңде өткізілді:

1) Деректер базасы және компьютерлік желілер

2) Объектіге бағытталған бағдарламалау

Олимпиадаға Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің студенттері Николаев Бахтияр (ЕТжБҚ-21 ТжКБ), Асылбеков Ислам (АЖ-20А), Әсет Әлібек (CS-21Б) қатысты. Команда жетекшісі - АТжИЖМ аға оқытушысы Калдарова Мира Жорабекқызы.

Олимпиада қорытындысы бойынша Астана Халықаралық университетінің Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің командасы I орынға ие болды. Жеке нәтиже бойынша АТжИЖМ студенті Николаев Бахтияр (ТжКБ-21 ТжКБ) II орын алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Одан әрі табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!


2357