«Қазіргі психологиялық-педагогикалық ғылымның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы

2023 ж. 14 сәу., жм, 12:04

2023 жылдың 7-сәуірінде Астана Халықаралық университетінің 5 жылдығына арналған «Қазіргі психологиялық-педагогикалық ғылымның өзекті мәселелері» атты I-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция Астана Халықаралық университетінің президенті С.А.Ирсалиевтің құттықтау сөзімен басталды. 

Конференцияның пленарлық отырысында шетелдік және қазақстандық ғалымдардың: профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің Педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі В.П.Тарантейдің (Беларусь); психология ғылымдарының кандидаты, Томск мемлекеттік педагогикалық университетінің дефектология кафедрасының доценті Е.В.Дергачеваның (Ресей); педагогика ғылымдарының докторы, профессор Украинаның Ұлттық биоресурстар және табиғатты пайдалану университетінің Әлеуметтік жұмыс және оңалту кафедрасының профессоры И.И.Осадченконың (Украина); Латвия университетінің доценті Reinis Lazda-ның (Латвия), педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық бизнес университетінің доценті Е.В. Мусихина (Қазақстан Алматы қ.); профессор, педагогика ғылымдарының докторы, «Тұран-Астана» университетінің Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар және тіл пәндері кафедрасының меңгерушісі Қ.М.Нағымжанованың (Қазақстан Астана қ.) баяндамалары тыңдалды.

Секциялық отырыстар келесі бағыттар бойынша жұмыс істеді: Қазіргі тұлғаның психологиялық мәселелері: жас ерекшелік, этникалық және медициналық психология бойынша өзекті мәселелер (№1 секция); әлеуметтік психологияның қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары: отбасылық және ұйымдастырушылық психологияның, дін психологиясының өзекті мәселелері (№2 секция); психологиялық зерттеу және оқыту технологияларын цифрландыру және трансформациялау (№3 секция); педагогика және психология: теориядан практикаға (№ 4 секция). 

1-секцияда «Қазіргі тұлғаның психологиялық мәселелері: жас ерекшелік, этникалық және медициналық психологияның өзекті мәселелері» (модераторлар – Ж.К. Бекова және Ж. С. Майлыбаева) 11 баяндама тыңдалды. 1 дәрежелі дипломдармен Қ.Адғамова, 2 дәрежелі – Б. Қошақаева және М.Құрбанәлі, 3 дәрежелі – Д.Әйтімова, Ж.Жұмабаева, Ш.Оспанова, А.Палагутаның баяндамалары марапатталды.

2-секцияда «Әлеуметтік психологияның қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары: отбасылық және ұйымдастырушылық психологияның, дін психологиясының өзекті мәселелері» (модераторлар –Н.Ж. Жұматова және Г.Т.Сапарова) 8 баяндама тыңдалды. Ең үлкен қызығушылық тудырған баяндамалар: 1 дәрежелі – А. Т. Абельдинова, 2 дәрежелі – М. Ратушняк, 3 дәрежелі – Д. Талғатқызы дипломдармен марапатталды.

«Психологиялық зерттеу және оқыту технологияларын цифрландыру және трансформациялау» атты 3-секцияда (модераторлар – Г.К.Нығметжанова және Б.Е.Сабырбай) 8 баяндама тыңдалды. Дипломдармен келесі қатысушылар марапатталды: 1 дәрежелі дипломдармен– М. Омар, Н. Теміршотова, 2 дәрежелі – Р.Хызырхан Р., Б.Аманжол Б., 3 дәрежелі – М. Болат, Н. Жылқыбек, А. Аяған, А. Сарбасова, А. Қалижанова.

4-секцияда «Педагогика және психология: теориядан практикаға» (модераторлар – А.Б. Изделеуова және Н.М.Нұрғазиева) 24 баяндама тыңдалды. Көптеген баяндамалардың нәтижелері іс-тәжірибеде қолданылған және дипломдармен марапатталды. 1-дәрежелі – Б.Бәкен, 2  дәрежелі –А.Мордовец, А. Дәулетхан, Ж. Елеубекова, А. Менандарова, 3-дәрежелі – Д.Жүсіпова, Д. Кожин, М. Тузельбаева және М. Темірхан, А. Әубәкірова, Д.Битимгалиева, Б. Шупова 

4-секцияда «Педагогика және психология: теориядан практикаға» (ағылшын тілінде) (модераторлар – Р.С.Халмуратов және А.Б.Қазизов) 10 баяндама тыңдалды.  Секция жұмысының қорытындысы бойынша студенттерге дипломдар табыс етілді. 1 дәрежелі – А.Қасымова, 2 дәрежелі – А. Ақанова, 3 дәрежелі – А. Батрачина.

Секциялық отырыстарда тыңдалған баяндамаларда мынадай мәселелер қаралды: білім алушылардың оқу уәждемесі; эмоционалдық және кәсіптік тұрғыда шаршау; тұлғаның мазасыздығы мен күйзелісі; жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауын қалыптастыру; әлеуметтік қорқыту және кибербуллинг мәселелері; қазіргі тұлғаның мәселелері; психологиялық зерттеу технологияларын цифрландыру және трансформациялау және т. б. 


Халықаралық ғылыми-практикалық конференция қатысушыларына ризашылығымызды білдіреміз!



2893