2023 жылдың 1 наурызында Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің студенттері үшін «Ресей Ғылым Академиясының Санкт-Петербург Федералды зерттеу орталығы» федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің компьютерлік қауіпсіздік мәселелері зертханасының аға ғылыми қызметкері Василий Алексеевич Десницкийдің қатысуымен «IoT жүйелеріндегі шабуылдарды анықтау тәсілдері» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырылды.
Студенттермен кездесуде Василий Алексеевич жалпы ережелер мен машиналық оқыту әдістеріне, сондай-ақ жеке тәжірибесіне негізделген шабуылдарды анықтау тәсілдерімен бөлісті.
Студенттер қауіпсіздік және шабуылдарды анықтау бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алды. Осылайша олар өздерінің болашақ кәсіби қызметінің ерекшеліктері туралы түсінік алды.