Астана халықаралық университеті Құқық жоғары мектебі әріптестерімен бірлесе отырып халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді

2023 ж. 24 ақп., жм, 12:57

2023 жылдың 24 ақпанында «Құқықтану ғылымы дамуының заманауи мәселелері мен үрдістері және құқық қолдану практикасының мәселелері» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Аталған конференцияны М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, Астана халықаралық университетінің Құқық жоғары мектебі, "Мир закона" ғылыми-практикалық журналы, Қазақстан Республикасының адвокаттар алқасы, Санкт-Петербург заң академиясы, сондай-ақ Баишев атындағы университет бірлесе отырып ұйымдастырды. Аталған конференцияны ұйымдастыруға және өткізуге Астана халықаралық университеті Құқық жоғары мектебінің профессорлық-оқытушы құрамы белсенді қатысты. Құқық жоғары мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Аленов Марат Амрадинович конференцияның секциялық жұмыстарын жүргізіп, «Елдің мемлекеттік-құқықтық дамуы. Цивилистика мен сабақтас құқықтардың қазіргі жағдайы» деп аталатын секцияға модераторлық жасады. Конференция жұмысына ТМД мемлекеттерінің көптеген білікті құқықтанушы мамандары мен білім алушылар қатысты. 


2675