2023 жылдың 17 ақпанында Астана халықаралық университетінің Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі PlastNet желісімен бірлесіп «Пластикалық қалдықтарды тұрақты басқару: алдын алудан тиімді қайта өңдеуге дейін» атты конференция ұйымдастырды.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының өкілдері, пластик ыдыстардағы өнімдерді өндірушілер/импорттаушылар, пластик қалдықтарын жинаушылар мен өңдеушілер, сондай-ақ пластикалық өнімдерді реттеу саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты жарату.
Конференцияда пластик қалдықтарын реттеу мәселелері, қалдықтарды басқару саласындағы бизнесті қолдау және дамыту бойынша ағымдағы және жоспарланған мемлекеттік шаралар, өндірушілер мен импорттаушылардың міндеттері мен жүзеге асыру әдістері талқыланды. Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы т.ғ.к. Сейітқан Айнұр Астана халықаралық университетінің Plastnet желісіне енгендігін және бас қаламыздағы университеттері арасында алғашқы болып қалдықтарды бөлек жинау жүйесін ресми түрде енгізгенін атап өтті.
Конференция университетіміздің «Clean and Green AIU» студенттер экоклубының өнер көрсетуімен аяқталды.