Жинаққа «Білім беру үрдісінде тұлғаның дамуы: теориялық және практикалық аспектілер» атты ІІI-ші Халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдары енгізілген. Жинақта білім беру ортасы тұлғаның даму факторы ретінде, қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі - инклюзивті білім беру жағдайында тұлғаны дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері, цифрлық білім беру жағдайында тұлғаның дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау және білім берудегі тұлғаның даму үрдісін ұйымдастырудың заманауи әдістері жайлы мәселелер қамтылған. Мақалалар авторлық нұсқада ұсынылған. Жарияланған материалдардың авторлары ғылыми зерттеулер нәтижелерінің дұрыстығы мен маңыздылығына және мәліметтердің пайдаланылуына жауапты.