Astana International University 3 наурыз – 5 сәуір 2025 жыл аралығында AIU BUSINESS INNOVATION атты 5-ші инкубациялық бағдарламасының басталғанын жариялайды. Бағдарлама Жоғары экономика мектебінің базасында өтеді.
Бұл бағдарлама стартап негізін қалаушыларға, кәсіпкерлерге және бизнес саласындағы білімдерін жетілдіргісі келетін студенттерге арналған. Қатысушылар:
✅ бизнес стратегиялары мен тәуекелдерді басқару әдістерін,
✅ тиімді шешімдер іздеу тәсілдерін,
✅ бизнес-идеяларды генерациялау және тестілеу әдістерін,
✅ нарықтық сұранысты талдауды,
✅ MVP құру және бизнес-модель әзірлеуді,
✅ алғашқы инвесторларды тарту жолдарын меңгереді.
🔹 Бағдарламаның маңызды кезеңі – Demo Day. Қатысушылар өз жобаларын сарапшылар алқасының алдында таныстырып, инвесторлар мен кәсіпкерлерден кері байланыс алады. Сонымен қатар, «НАРИ QazInnovations» АҚ-ның 20 млн теңгеге дейінгі гранттық қаржыландыру байқауына қатысуға мүмкіндік беретін сертификатқа ие болады.
🔹 Бағдарламаның негізгі спикері – Кремний алқабының сарапшысы, сериялық кәсіпкер, Vibranium венчурлық қорының негізін қалаушы Замир Шухо. Ол AIU Президенті Ирсалиев С.А.-ның шақыруымен қатысып, құнды тәжірибесімен бөліседі.
🔹 Қонақ спикерлер: Ольга Чернова (қаржылық модель құру бойынша маман) және Даурен Базилов (бизнесте AI қолдану бойынша сарапшы).
🔥 Қатысушыларға сәттілік тілейміз және жобаларын табысты қорғауға сенеміз!