Қазақстан, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 8
Call center +7 (7172) 47-66-77
+7 (771) 929-02-30
WhatsApp +7 (705) 129-42-82
Канцелярия +7 (7172) 24-36-68
info@aiu.edu.kz
«Парасат» дебат клубының мақсаты – талантты әрі бастамашыл жастарды дамыту, әлеуметтік-саяси бағыттағы азаматтық сананы қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерін, коммуникативтік
дағдыларын дамыту және шығармашылық, кәсіби тұлғаның еркін дамуына жағдай жасау.
Міндеттері:
Студенттер арасында әлеуметтік-саяси процестерге қызығушылықты арттыру;
Жастардың саяси, рухани және адамгершілік мәдениетін қалыптастыру;
Қоғамдық маңызы бар мәселелерді ашық талқылау мәдениетін дамыту және тәжірибе жинақтау;
Аудитория алдында сенімді әрі әсерлі сөйлеу, дәлелді түрде пікірін жеткізу, логикалық ойлау және пікірталасты әдепті түрде жүргізу дағдыларын дамыту;
Қазақстандағы дебат қозғалысын нығайту және дамыту;
Қазақстанның басқа дебат клубтарымен белсенді және құрылымды ынтымақтастық орнату.
«Парасат» дебат клубы Жоғары экономика мектебінде 2024 жылы құрылған. Жұмыс жоспарына сәйкес, студенттер арасында дебат турнирлері,клуб мүшелерінің кездесулері мен жаттығулары, сондай-ақ шешендік өнерге арналған семинарлар мен тренингтер өткізіледі.
Жетекшісі: Аймаганбетова Ая Сакеновна, аға оқытушы, магистр,
aimaganbetova.aya@gmail.com