Қазақстан, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 8
Call center +7 (7172) 47-66-77
+7 (771) 929-02-30
WhatsApp +7 (705) 129-42-82
Канцелярия +7 (7172) 24-36-68
info@aiu.edu.kz
AIU бизнес-инкубаторының мақсаты - кәсіпкерлік білім беру саласындағы саясатты жүзеге асыру, университетте кәсіпкерлік экожүйені дамыту, халықаралық университет ретінде AХУ стратегиялық даму мақсаттарына сәйкес студенттердің, оқытушылардың және қызметкерлердің кәсіпкерлік ойлауын дамыту.
Бизнес-инкубатордың міндеттері:
нысаналы индикаторларға және AХУ-ді халықаралық университет ретінде дамытудың стратегиялық жоспарына, жылдық жұмыс жоспарына сәйкес іс-шараларды ұйымдастыру;
кәсіпкерлік білім беру саласындағы заманауи тенденцияларды талдау, бағалау және мониторингілеу, әлемдік кәсіпкерлік кеңістікке интеграциялау мақсатында білім беру қызметтері мен қызмет процестерін үздіксіз жетілдіру;
бизнес-ортамен және бизнес құрылымдарының өкілдерімен ақпараттық-коммуникациялық өзара әрекеттесу негізінде қазіргі заманғы кәсіпкерлік оқыту технологияларын енгізу;
студенттер мен педагогикалық ұжымның кәсіпкерлік көзқарасы мен әрекеттерін, жеке және әлеуметтік құзыреттерін қалыптастыратын «Кәсіпкерлік» траекториясын қалыптастыру және дамыту;
университет студенттері мен түлектеріне, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен кәсіпкерлерге жеке және топтық кеңес беруді ұйымдастыру;
тәжірибе алмасу және ынтымақтасу мақсатында кәсіпкерлердің, бизнес құрылымдар мен компаниялардың өкілдерінің, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің өзара әрекеттесуі үшін студенттік кәсіпкерліктің экожүйесін құру және дамыту;
кәсіпкерлікті танымал ету, студенттік ортада жаңа формация кәсіпкерінің имиджін қалыптастыру;
оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Бизнес-инкубатор жұмысы аясында консультациялар, қадағалау қолдауы көрсетіледі, конкурстар мен стартап жобаларды гранттық қаржыландыру туралы ақпарат беріледі.
Байланыстағы тұлға: Балтабаев Болат Жанбекұлы, аға оқытушы, bbaltabaev1985@mail.ru, +77771766158