AIU Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі

AIU ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК МЕКТЕБІ – бұл әлеуметтік бизнес саласындағы дағдылар мен құзыреттерді дамытуға бағытталған білім беру жобасы.

 

 

Бағдарлама үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, әлеуметтік кәсіпкерлер және Қазақстандағы әлеуметтік мәселелерді кәсіпкерлік қызмет арқылы шешуге үлес қосқысы келетін белсенді азаматтар үшін арналған.

 

Оқыту форматы:

Гибридті тәсіл, оқыту онлайн және офлайн әдістерді біріктіре отырып өткізіледі.

 

Біз сіздерге келесі курстарды ұсынамыз:

·                  Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік кәсіпкерлік. Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау шаралары

·                  Креативті ойлау және әлеуметтік инновациялар

·                  Әлеуметтік бизнестің қаржылық аспектілері

·                  Әлеуметтік кәсіпорынды басқару

 

Сертификаттау:

Курс аяқталғаннан кейін және материалдың кемінде 85%-ын меңгерген қатысушылар сертификат алады.

 

Сарапшылардың қолдауы:

Қатысушылар тәжірибелі тренерлер мен менторлармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ өз жобалары бойынша сараптамалық баға мен одан әрі даму үшін қолдау ала алады.

 

Қалай қатысуға болады?

Қатысу үшін QR-код арқылы сілтеме бойынша өтінім беру қажет. Оқыту 24 қатысушыдан кем емес топ жиналған кезде ақылы негізде өткізіледі.

 

"Өрелі ұрпақ" мектебі әлеуметтік кәсіпкерлік саласында білім мен дағды алғысы келетін, қоғамның дамуына үлес қосып, өз әлеуметтік жобаларын жүзеге асырғысы келетін барлық адамдар үшін бірегей мүмкіндік ұсынады.

 Презентация