Қазақстан, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 8
Call center +7 (7172) 47-66-77
+7 (771) 929-02-30
WhatsApp +7 (705) 129-42-82
Канцелярия +7 (7172) 24-36-68
info@aiu.edu.kz
БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
Экономика жоғары мектебінің 6В04122 «Халықаралық бизнес» ББ студенті
Болат Айтуар Арманұлы Адам Мицкевич университетінің (Познань қ., Польша)
академиялық ұтқырлық бағдарламасын сәтті аяқтады. 2024-2025 оқу жылының 1
семестрінде Айтуар өз мамандығы бойынша қызықты курстарды меңгеріп қана қоймай,
халықаралық ортада бірегей оқу тәжірибесін алды. Бұл тәжірибе кәсіби және жеке
даму үшін маңызды қадам болды, сонымен қатар жаңа байланыстар орнатуға және
ой-өрісті кеңейтуге мүмкіндік берді. Біз студенттеріміздің жетістіктерін мақтан
тұтамыз және халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысуды жалғастырамыз.
БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
Экономика жоғары мектебінің студенттері Мағзаева Дамель Дәулетқызы
(6B04117 «Экономика» ББ) және Телюбаева Махаббат Айдынқызы (6B04111 «Маркетинг»
ББ) ҒЗУ Экономика жоғары мектебінде (Мәскеу қ., РФ) академиялық ұтқырлық
бағдарламасын табысты аяқтағанын
қуана хабарлаймыз. 2024-2025 оқу жылының 1 семестрінде олар өз бағыттары
бойынша негізгі пәндерді оқып, құнды халықаралық тәжірибе жинады. Оқу барысында
студенттер білім беру үдерісіне еніп қана қоймай, біздің университетті
халықаралық аренада таныстыра отырып, ғылыми және мәдени іс-шараларға белсенді
қатысты.