Педагогикалық институт


Құрметті достар!

Сіздерді Астана Халықаралық Университетінің Педагогикалық институтында қарсы алғаныма қуаныштымын!

Қазіргі әлем үздіксіз білім алуды талап етеді. Біздің миссиямыз – білім беру саласында озық білім мен құндылықтарды қалыптастырып, тарата алатын көшбасшыларды дайындау. Педагог мамандығы – ең қажетті мамандықтардың бірі, және біздің университет түлектері түрлі білім беру ұйымдарында табысты жұмыс істеп, жаңа жағдайларда жоғары кәсібилік танытуда.

Педагогикалық институт 2018 жылдан бастап 17 бакалавриат және 7 магистратура білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауда. Алғашқы магистранттар 2018 жылы «Химия», «Биология», «Физика», «Информатика» бағдарламалары бойынша оқуға қабылданды.

Институтта студенттер кәсіби және тұлғалық дамуына негіз болатын терең білім алады. Біз әрқашан сапалы білім алуға ұмтылған, ашық пікір алмасуға және талқылауға дайын жастарды институтымызда көргенімізге қуаныштымыз.

Педагог – ақылдың, мейірімнің және мәңгілік құндылықтардың дәнін себуші! Біз педагогикалық мамандық әрдайым сұранысқа ие болатынына сенімдіміз!

Құрметпен, Педагогикалық институт директоры Ахмадиева Ж.К..