Жаңалықтар

...
Желтоқсанның 8-і күні Астана халықаралық университетінде Қытайдан келген делегациямен, атап айтқанда Бейжің білім комитеті және негізгі университеттердің өкілдерімен ресми кездесу....
2023 ж. 13 жел., ср, 12:14

Желтоқсанның 8-і күні Астана халықаралық университетінде Қытайдан келген делегациямен, атап айтқанда Бейжің білім комитеті және негізгі университеттердің өкілдерімен ресми кездесу өтті. Тараптар магистратура мен докторантураға шетелдік студенттерді тарту мәселелерін, сондай-ақ ғалымдардың бірлескен ғылыми жобаларға қатысу перспективаларын талқылады.

Кездесуге Қытай тарапының жоғары деңгейдегі өкілдері, соның ішінде бюроның ІІ деңгейлі қызметкері, Даму және жоспарлау департаментінің директоры және директордың орынбасары қатысты. Халықаралық байланыстар бөлімінің бағдарлама менеджері, халықаралық бағдарламалар үйлестірушісі және басқа да маңызды тұлғалардың қатысуы талқыланған мәселелердің маңыздылығын атап өтті.

Кездесудің негізгі тақырыптары халықаралық студенттердің санын арттыру стратегиялары, ғылыми қызметкерлердің бірлескен жобаларға қатысуын арттыру және білім беру саласында тәжірибе алмасу болды. Талқылау барысында ортақ мүдделер мен одан әрі ынтымақтастық перспективалары анықталды.

Астана халықаралық университетінің вице-президенті бұл кездесу екі елдің білім алмасуына және мәдени байланыстарға ықпал ететінін, университеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызды кезеңінің басталатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ тараптар Астана халықаралық университеті мен Бейжің университеттері арасындағы байланыстарды нығайту және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы негізгі қадам болатын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселесін талқылады.

...
Наньян технологиялық университетінің профессоры Саймон Редферн Астана халықаралық университетінде жаратылыстану ғылымдарының магистранттары мен докторанттарына «Тұрақтылық және қоршаған ортаның өзгеруі» курсынан....
2023 ж. 12 жел., сс, 12:37

Наньян технологиялық университетінің профессоры Саймон Редферн Астана халықаралық университетінде жаратылыстану ғылымдарының магистранттары мен докторанттарына «Тұрақтылық және қоршаған ортаның өзгеруі» курсынан дәріс оқуда. 8 желтоқсан күні профессор ашық дәріс өткізіп, оған барлық мамандықтардың магистранттары, сондай-ақ AIU-да ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан ЕҰУ магистранттарын да шақырды.

Дәріс барысында профессор Редферн биологиялық түрлердің жойылуына антропогендік әрекеттердің зиянды әсері туралы айтты. Дәріс интерактивті форматта өтті, магистранттар мен докторанттар планетамыздың болашағы туралы ой қозғап, адамзаттың қоршаған ортаға әсерінің жаһандық ауқымын талқылады.


Тыңдаушылар лектордың кәсіби шеберлігін жоғары бағалап, осындай мүмкіндік үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Профессор университетке академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шақырылғанын және Астана халықаралық университетінде көрнекті ғалымның дәрістеріне барлығы қатыса алатынын еске саламыз!

...
Астана халықаралық университетінің магистранттары мен докторанттарына әлемге әйгілі геолог-физик, Наньянг технологиялық университетінің (NTU Singapore) профессоры Саймон Редферн дәріс оқиды! QS....
2023 ж. 9 жел., сб, 12:35

Астана халықаралық университетінің магистранттары мен докторанттарына әлемге әйгілі геолог-физик, Наньянг технологиялық университетінің (NTU Singapore) профессоры Саймон Редферн дәріс оқиды! QS World University Ranking 2024 деректері бойынша бұл университет әлемде 26-шы орында.

Профессор Саймон Редфернқазіргі кезде университеттің Ғылым  колледжінің деканы қызметінде. Профессор Кембридж университетіндегі жұмысымен танымал, ол Кембридж университетінің Жер туралы ғылымдар департаментін,  сонымен қатар британдық университеттердегі докторантураны дамыту бағдарламасын басқарған.

Оның 260-тан астам ғылыми мақалалары бар,  Хирш индексі 58 (Scopus), 56 (WoS), 65 (Google scholar). Ғалымның зерттеулері жоғары температура мен қысым жағдайында минералдардың қасиеттерін зерттеуге бағытталған.

7 желтоқсанда университет президенті Серік Азтайұлы Ирсалиев пен профессор Саймон Редферннің кездесуінде екі университет арасындағы  ынтымақтастықты дамытудың бағыттары мен мүмкіндіктері талқыланды. Профессор Редферн Сингапурдағы білім беру жүйесінің дамуы, жас университеттің тарихы туралы айтып, университеттің бүкіл әлемдегі академиялық және өндірістік серіктестермен байланыс орнатудағы табысты тәжірибесімен бөлісті.

Астана халықаралық университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік үздік университеттердің әлемге әйгілі ғалымдарын шақыруға мүмкіндік бергені үшін Ғылым және жоғары білім министрлігіне алғысын білдіреді.

...
22 қарашада Астана халықаралық университетінің (АХУ) қабырғасында жақында ғана тағайындалған Чехия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Павол Шепелак мырзамен кездесу өтті.....
2023 ж. 5 жел., сс, 01:13

22 қарашада Астана халықаралық университетінің (АХУ) қабырғасында жақында ғана тағайындалған Чехия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Павол Шепелак мырзамен кездесу өтті. АИУ атынан қонақты Президент – С.Ирсалиев, вице-президент – Қ.Әбдірахманов және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры – Жмақа С.

Кейбір деректерге сүйенсек, бүгінде Чехияда бірнеше мыңға жуық қазақстандық студент білім алуда. AIU, белсенді дамып келе жатқан университет, академиялық ынтымақтастық, соның ішінде студенттер/оқытушылар алмасу және бірлескен зерттеулер арқылы Чехияның білім беру мекемелерімен байланысын нығайтуға ұмтылады.

Алғашқы кездесуде тараптар ортақ тақырыптар мен болашақ ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Қазақстандық жастар үшін тартымдылығымен танымал Чехия халықаралық байланыстарды нығайту және студенттердің білім беру тәжірибесін байыту бойынша AIU үшін маңызды серіктес болады.

Елші Павол Шепелак белсенді өзара іс-қимылды ынталандыруға дайын екенін білдірді, сонымен қатар Чехиядан әлеуетті университет серіктестерін іздеуге қолдау көрсетуге уәде берді. Бұл қадам екі елдің білім беру мекемелері арасында білім мен тәжірибе алмасуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Тараптар мұндай кездесулер Қазақстан мен Чехия арасындағы достық қарым-қатынастарды тереңдетуге ықпал ететін жаңа білім беру және ғылыми бастамаларға серпін болатынына сенім білдірді.