2025 жылғы 30 маусымда Астанадағы Бейжің тіл және мәдениет университетінің (BLCU
Kazakhstan) филиалында Foundation бағдарламасының алғашқы түлектеріне
сертификат табыстау салтанаты өтті. Бұл оқиға филиалдың алғашқы оқу жылының
аяқталуын білдіріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру әріптестігінің
маңызды кезеңіне айналды.
BLCU Kazakhstan 2024 жылғы 3
шілдеде Астана халықаралық университетінің (AIU) базасында ашылды және бір жыл
ішінде жоғары нәтижелер көрсетіп үлгерді. Foundation бағдарламасына қабылданған
100 студенттің 85-і оқуын сәтті аяқтады, ал 55 студент қорытынды емтихандарда
үздік нәтиже көрсетіп, келесі екі дипломды бакалавриат бағдарламасы бойынша
оқуын жалғастыруға мүмкіндік алды:
·
6В01711
— «Ағылшын және қытай тілдері (оқыту бағыты)»
·
6В02303
— «Аударма ісі: қытай тілі»
Foundation бағдарламасы студенттер
үшін тек академиялық баспалдақ қана емес, кәсіби және мәдени дамудың берік
іргетасына айналды. Бір оқу жылы ішінде студенттер қытай тілін терең меңгеріп,
Қытайдың мәдениеті мен дәстүрлерімен танысты, әрі болашақта білімін жалғастыру
үшін қажетті көшбасшылық және академиялық дағдыларды қалыптастырды.
Салтанатты шара барысында
түлектерге жылы лебіздерін білдіргендер:
·
Астана
халықаралық университетінің президенті Серік Азтаевич Ирсалиев екі ел
арасындағы білім беру ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтіп, болашақ
мамандарды тәрбиелеудің маңызын жеткізді;
·
BLCU
филиалының қытайлық директоры Лю Сяньцянь Бейжіңдегі BLCU ректоры Дуань Пэнның құттықтау хатын оқып
берді және түлектердің BLCU халықаралық отбасының бір бөлігі екенін атап өтті;
·
Астана
халықаралық университетінің вице-президенті Қайрат Амангелдіұлы Абдрахманов
халықаралық әріптестіктің және түлектердің Қазақстан мен Қытай арасындағы
байланысты нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті;
·
BLCU
филиалының қазақстандық директоры Сауле Ерденқызы Қошанова оқу жылының
қорытындысын шығарып, оқытушыларға кәсібилігі үшін, студенттерге білімге деген
құштарлығы мен табандылығы үшін алғыс білдірді.
Шара барысында ерекше үлгерім
көрсеткен үздік студенттер мен белсенділер марапатталды. Солардың ішінде Камалиев
Нуртас ерекше атап өтілді — ол жоғары академиялық және көшбасшылық қасиеттерін
көрсетіп, Қытайдың екі жетекші университетінен бірден грант иеленді.
Іс-шара аясында студенттерге
арналған мәдени-танымдық сапарлар туралы жарияланды:
·
4-10
шілде аралығында үш үздік студент Циндао қаласында қытай мәдениетін тереңдетіп
зерттеу бағдарламасына қатысады;
·
11-17
шілде аралығында үздік студенттер Қытайдың Синьцзянь өлкесінің мәдениеті және
тарихымен танысуға аттанады;
·
27
шілдеден 21 тамызға дейін 30 студент Хайнань аралындағы BLCU кампусында қытай
тілінен қарқынды курс өтеді.
Филиал алғашқы оқу жылында ғылыми,
білім беру және мәдени шаралар алаңына айналды: форумдар, семинарлар, кәсіптік
бағдарлау кездесулері, қазақстандық және қытайлық делегациялардың сапарлары, мәдени
фестивальдер мен қытай тілінен олимпиадалар ұйымдастырылды.
Foundation бағдарламасының алғашқы
түлектері BLCU Kazakhstan-ның табысты бастамасының жарқын дәлелі болды.
Көптеген түлектер Қазақстан мен Қытайда білім алуды біріктіретін «3+1»
бакалавриат бағдарламасын жалғастыруға дайындық үстінде.
Филиал алдағы уақытта халықаралық
коммуникация, аударма және қытай тілін оқыту салаларындағы болашақ мамандарды
дайындау үшін академиялық және халықаралық мүмкіндіктерін кеңейтуді
жалғастырады.
BLCU Kazakhstan филиалының ашылуы
мен дамуына қолдау білдіргені үшін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары
білім министрі Саясат Нұрбекұлына, Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті
Елшісі Шахрат Шәкизатұлы Нұрышевке және Қытайдың Қазақстандағы Елшілігіне
алғысымызды білдіреміз!
Барлық түлектерді шын жүректен
құттықтаймыз және келесі білім кезеңінде сәттілік тілейміз!