Бітіруші курс студенттерінің Қаржы орталығы өкілдерімен кездесуі

2026 ж. 25 ақп., ср, 05:29

2026 жылғы 27 ақпанда сағат 15:00-де Astana International University базасында «Қаржы орталығы» АҚ өкілдерімен бітіруші курс студенттерінің кездесуі өтеді.


Кездесу тақырыбы: білім беру грантын міндетті түрде өтеу.


Спикер ретінде «Қаржы орталығы» АҚ Мониторинг департаментінің бас маманы Серікқалықызы Ақзира сөз сөйлейді. Іс-шара барысында мемлекеттік білім беру гранты бойынша міндетті өтеу тәртібі, жұмысқа орналасу және түлектердің жауапкершілігі мәселелері түсіндірілетін болады.


Өтетін орны: 213 акт залы, Қабанбай батыр даңғылы, 8.


Бітіруші курс студенттерін белсенді қатысуға және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға шақырамыз.


57