AIU ресми мәлімдемесі

2025 ж. 14 қаз., сс, 04:55

Astana International University хабарлайды.Threads, 2ГИС және басқа әлеуметтік желілер платформаларында жеке студентке қатысты жағымсыз пікірлер мен шағымдар келуде.


2024 жылдың тамыз айында 2ГИС платформасында университет парақшасына жүйелі түрде білім беру сапасына қатысы жоқ ақпараттар қорлау сипатындағы және жала жабу мазмұнындағы пікірлер жариялануда.

Жүргізілген ішкі тексеріс нәтижесінде студенттің оқу тәртібін бұзбағаны анықталды. Ал жағдайдың өзі жеке сипатта екені расталды. Тексеру барысында аталған жазбалардың авторлары тарапынан студентке қатысты қудалау, жала жабу және кибербуллинг белгілері байқалғаны анықталды.


AIU және студент құқық қорғау органдарына ресми өтініш жолдап, жағдайдың мән-жайын анықтауды және студентті кибербуллинг пен жалған ақпарат таратудан қорғау сұралды.


Astana International University, құрмет және академиялық этика қағидаттарын ұстанады. Университет кибербуллингтің және жалған ақпарат таратудың кез келген түрін, соның ішінде үшінші тұлғалардың жеке деректері мен аккаунттарын пайдалануды және онлайн-платформа пайдаланушыларын жауапкершілік пен басқа адамдардың жеке өміріне құрметпен қарауға шақырады.


25