📢 Магистратура, гранттар, ғылым: Қырғызстандық студенттерге жаңа мүмкіндіктер
Бүгін, 12 наурыз, Astana International University қабырғасында Қазақстан Республикасындағы Қырғыз Республикасының Елшілігі өкілдерімен маңызды кездесу өтті. Талқылауға қатысқандар:
✅ Дюшекеев Дастан Станбекұлы – Қазақстан Республикасындағы Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі
✅ Абдирашитов Эрнист Бекмұрзаұлы – Қазақстан Республикасындағы Қырғыз Республикасының Елшілігінің 3-хатшысы
Кездесу барысында білім беру саласындағы ынтымақтастық, академиялық алмасу және Қазақстандағы қырғыз студенттерін қолдау мәселелері кеңінен қаралды.
🔹 Инновациялар, цифрландыру және тұрақты даму салаларында бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту.
🔹 Тәжірибеден өту, тағылымдамалар мен түлектерді жұмыспен қамту үшін жағдай жасау.
🔹 Қырғыз студенттерін қазақ тіліне оқыту және оларды Қазақстанның білім беру ортасына бейімдеу.
🔹 AIU базасында қазақ-қырғыз ынтымақтастық орталығын ашу перспективалары.
📍 Кездесу маңызды сәтте өтті – мемлекет басшыларының қатысуымен қырғыз эпосының батыры Айкөл Манасқа арналған ескерткіштің ашылғанына бір жыл толды. Ескерткіш AIU-дың бас ғимаратының алдында орналасқан, бұл халықтар арасындағы берік бауырластық қатынастар мен мәдени-гуманитарлық саладағы белсенді ынтымақтастықтың маңыздылығын білдіреді.
💬 AIU президенті Серік Ирсалиев атап өтті:
"Бұл ескерткіш – ортақ тарихымызды ғана емес, ортақ болашағымызды да бірге қалыптастыру керектігін еске салады. Интернационализация стратегиясы аясында AIU қырғыз университеттерімен ынтымақтастықты күшейтіп, Қырғызстаннан келетін студенттер санын арттыруға және оларға қосымша білім беру мүмкіндіктерін ұсынуға ұмтылады. Қазірдің өзінде магистратураға 5 грант бөлу, сондай-ақ бакалавриат бағдарламаларына жеңілдіктер қарастыру туралы шешім қабылданды."
🤝 Актуалды мәселелерді талқылау білім беру және академиялық алмасу саласындағы жаңа бастамаларға жол ашты.