Бүгін Astana International University-де ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында ынтымақтастықтың маңызды мәселелері, соның ішінде студенттер үшін тәжірибеден өту және тағылымдамалар, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларының перспективалары талқыланды.
Бюро атынан шараға қатысқан өкілдер:
• Жақыпов Арсен Абзалович – Адами ресурстарды дамыту департаментінің директоры;
• Күзембай Әсел Жамалбекқызы – Адами ресурстарды дамыту департаментінің қызметкерлерді ынталандыру және дамыту басқармасының басшысы;
• Кисикова Айгерім Жанболатқызы – Адами ресурстарды дамыту департаментінің қызметкерлерді ынталандыру және дамыту басқармасының сарапшысы.
Кездесудің басты мәселелерінің бірі – бұрын қол қойылған меморандум аясындағы өзара іс-қимыл болды. Енді AIU студенттері Бюро базасында тәжірибеден өтіп, өзекті деректермен жұмыс істеп, аналитикалық зерттеулерге қатыса алады.
Сондай-ақ, спикерлер Data Literacy Hub туралы айтып берді – бұл халықаралық ұйымдармен бірлесіп әзірленген жаһандық бастама. Бұл – статистика және деректер аналитикасының негіздерін тегін онлайн-оқыту платформасы, онда студенттер теориялық білім алып, оны тәжірибеде қолдана алады. Оқу бағдарламасы баршаға қолжетімді, ал сәтті тестілеуден өткен қатысушылар сертификат алады. Бүгінде бағдарламаға 50 000-нан астам адам тіркелген.
Кездесуде мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу мүмкіндіктері де талқыланды. Бюро өкілдері жоғары оқу орындарының түлектері үшін жаңа іріктеу жүйесі енгізіліп жатқанын атап өтті. Енді талапқа сай балл жинаған жағдайда, конкурстан тыс мемлекеттік қызметке қабылдану мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, университет студенттерді байқау комиссиясының бақылаушысы ретінде жібере алады, бұл оларға іріктеу үдерісін ішінен бақылауға және үміткерлерді бағалауға мүмкіндік береді.
Кездесуде халықаралық статистикалық тәжірибе мен оның Қазақстанда енгізілуі туралы да сөз қозғалды. Спикерлердің айтуынша, Бюро халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа әдістерді белсенді түрде енгізіп, студенттер мен зерттеушілерді бірлескен жобалар мен ғылыми жарияланымдарға қатысуға шақырады.
AIU қонақтарға алғыс білдіреді және табысты ынтымақтастыққа үміттенеді!