2025 жылдың 25 ақпанында
Астана Халықаралық Университетінде студенттердің шақырылған мамандармен
кездесуі өтті. Іс-шара барысында екі маңызды тақырып қарастырылды:
🔹 «Стресті басқару, буллинг» –
бұл тақырып бойынша психолог сөз сөйлеп, стрессті басқару жолдары, буллингтің
алдын алу әдістері және психологиялық тұрақтылықтың маңыздылығы туралы айтты.
🔹 «Обырсыз өмір» – бұл тақырып
аясында салауатты өмір салты дәрігері мен әлеуметтік қызметкер баяндама жасады.
Мамандар онкологиялық аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану және
тұрақты медициналық тексерулердің маңызы туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті.
Студенттер белсенді түрде
пікірталастарға қатысып, сұрақтар қойып, психологиялық және физикалық
денсаулықты сақтау бойынша ұсыныстар алды. Мұндай кездесулер тек білімді
кеңейтумен шектелмей, өзін-өзі және айналадағы адамдарды күту мәдениетін
қалыптастыруға көмектеседі.