18
ақпанда «Көркем білім беру» ІР және «Көркем еңбек және бейнелеу өнері мұғалімі»
білім беру бағдарламаларының студенттері ART мастер-класс ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және
көркем өнер саласындағы заманауи трендтермен таныстыру.
Мастер-классқа
қатысушылар әртүрлі сурет салу әдістерін меңгеріп, бояу түстерін үйлестіру,
композиция құру және көркемдік дағдыларын жетілдіру бойынша тәжірибелік
жұмыстар жасады. Болашақ мұғалімдер келген студенттерге бағыт-бағдар беріп, өз
тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар
бұл іс-шараның шығармашылық шабыт сыйлағанын және болашақ кәсіби дамуы үшін
жаңа мүмкіндіктер ашқанын атап өтті. ART мастер-класс студенттердің өз
қабілеттерін сынап көруіне және өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға
мүмкіндік берді.
Білім
беру бағдарламасының жетекшісі Келімбетова А.Ғ. студенттердің белсенділігін
жоғары бағалап, мұндай шаралар болашақ педагогтардың кәсіби дамуына оң әсер
ететінін атап өтті.