AIU-да жаратылыстану-математикалық бағыттағы студенттерге арналған «START-up» тренингі
4 желтоқсанда Астана халықаралық университетінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы мамандықтардың студенттеріне арналған ENACTUS-AIU ұйымының бастамасымен «START-up» тақырыбында тренинг өтті.
Спикер ретінде Тимур Мұқамбаев сөз сөйлеп, START-up концепциясы туралы білімімен бөлісті, оның заманауи бизнес саласындағы бірегейлігі мен маңыздылығын атап өтті. Тренинг барысында қатысушылар жаңа білімдерін сынақтан өткізу және бекіту үшін QUIZ интерактивті ойынына қатысты.
Іс-шара барысында белсенділік танытқан студенттерге AIU брендті шоперлері мен ENACTUS-AIU ұсынған стикер-пакеттер табысталды.
START-up дегеніміз не?
START-up — бұл бизнесті дамытуға арналған инновациялық жол, тәсіл және әдіс, ол
бірегей идеяларды табуға және жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Іс-шара қызықты әрі танымдық форматта өтіп, қатысушылардың барлығына жарқын әсер сыйлады. ENACTUS-AIU командасы студенттерді кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамытуға және өз идеяларын жүзеге асыруға шабыттандыруды жалғастырады!
Бөлісу:



