Астана халықаралық университетінде «Цифрлық филолог» тақырыбында воркшоп өтті





















2026 жылғы 24 қарашада Астана халықаралық университетінде «Цифрлық филолог: тіл, әдебиет және жасанды интеллект» тақырыбында воркшоп өтті.
Іс-шараны Педагогикалық институттың аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Бағдагүл Нұрхатқызы және Астана қаласындағы № 99 мектептің мұғалімі және мектептің орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Медет Есентайұлы ұйымдастырды.
Воркшопқа ШТжОТ білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері қатысты. Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында ОТӘ білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерінің педагогикалық практика жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Кожагулова Н.К., Педагогикалық институттың Шетел филологиясы кафедрасының оқытушысы Кайкенов Д.Б., ШТжОТ білім беру бағдарламасы студенттерінің практика жетекшісі, педагогика ғылымдарының магистрі Балтабаева У.К. болды.
Іс-шараның мақсаты – орыс тілі мен әдебиетін оқытудағы цифрлық технологиялар мен ЖИ-дің мүмкіндіктерін көрсету, сондай-ақ болашақ педагогтердің сыни ойлауын, шығармашылық қабілеттері мен цифрлық сауатын дамыту.
Воркшоп практикалық бағытта өтті. Қатысушылар топтық тапсырмаларды орындап, жасанды интеллект құралдарын қолданып, заманауи цифрлық ресурстардың мүмкіндіктерін талқылады және оларды кәсіби қызметте тиімді пайдалану жолдарын қарастырды. Сондай-ақ жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде жауапкершілікпен қолдануға ерекше назар аударылды.
Іс-шара кәсіби пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және тіл мен әдебиетті оқытудың заманауи тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берді. Мұндай воркшоп цифрлық технологияларды сауатты қолданатын және білім беру ортасындағы өзгерістерге бейімделген жаңа буын педагогтерін даярлауға ықпал етеді.
Бөлісу:
Фотогалерея








