Астана халықаралық университетінде «Welcome Party & Clubs Fair» іс-шарасы өтті
























2026 жылы 2 қазанда Астана халықаралық университетінде жаңа оқу жылының басталуына орай «Welcome Party & Clubs Fair» мерекелік іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – бірінші курс студенттерін университеттің қоғамдық, мәдени және шығармашылық өмірімен таныстыру, студенттік клубтардың қызметін насихаттау, сондай-ақ жастардың белсенділігін арттыру.
Астана халықаралық университетінің ректоры Анар Мырзағалиева Базарқызы студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Өз сөзінде ол бірінші курс студенттеріне жаңа ортаға сәтті бейімделіп, студенттік жылдарын жақсы өткізіп, жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектес екенін айтты.
Бағдарлама «Clubs Fair» студенттік клубтар жәрмеңкесінен басталды. Екі сағат бойы бірінші курс студенттері университет қабырғасында жұмыс істейтін клубтар мен шығармашылық ұйымдардың бағыттарымен танысып, олардың өкілдерімен тілдесті. Қатысушылар өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес клубтарды таңдап, университет өміріне белсенді араласуға мүмкіндік алды.
Жәрмеңке студенттер үшін жаңа ортаға бейімделуге, достар табуға және шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған алаң болды. Ал клуб өкілдері өз қызметі, алдағы жоспарлары мен мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Кеш барысында «AMANAT» ансамблі, «AIU Tunes» клубы, «BEGIMAI» және «Dancing High» би клубтары, «DUDAR-AI» хоры, сондай-ақ университеттің дарынды студенттері өнер көрсетті. Ән мен биге толы бағдарлама көрерменнің көңіл күйін көтерді. Мұнымен қоса студенттер интерактивті ойындар мен байқауларға белсенді қатысып, түрлі сыйлықтар ұтып алды.
«Welcome Party» бағдарламасы «After Party» би кешімен аяқталды.
Бөлісу:
Фотогалерея










