«Өзін-өзі реттеу және тәуелді мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбындағы интерактивті кездесу





















2026 жылғы 25 қыркүйекте Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес РГиТ-25Б тобының білім алушыларына арналған «Өзін-өзі реттеу және тәуелді мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында интерактивті кездесу өтті. Іс-шараны РГиТ-25Б тобының эдвайзері, ЖҒЖМ аға оқытушысы Жанабаева Салтанат Аманжолқызы ұйымдастырды.
Кездесу аясында AIU психологиялық қызметінің психолог-кеңесшісі Санатова Ботагөз Жасұланқызы шақырылып, студенттердің тәуелді мінез-құлық жайлы танымын арттыруға бағытталған интерактивті сабақ өткізді.
Іс-шара барысында лудоманияның алдын алу, сондай-ақ психобелсенді заттарды (ПБЗ) қолдану, суицидтен сақтану мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар тәуелділіктің белгілерін танып, өз шешімдеріне жауапкершілікпен қарауға және дер кезінде көмекке жүгінудің маңызына ерекше назар аударылды.
Кездесудің маңызды бөлігінің бірі – практикалық жағдайларда шешім қабылдауды үйрету. РГиТ-25Б тобының білім алушылары бұл талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді. Интерактивті формат ашық диалог орнатып, сыни ойлауды дамытуға және дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Кездесу қызықты, мазмұнды және нәтижелі өтті. Қатысушылар тәуелді мінез-құлық туралы білімдерін арттырып, қиын жағдайларда қауіпсіз әрекет етудің жолдарын талқылады. Мұндай іс-шаралар жастарға өз денсаулығына жауапты қарап, бір-біріне көмектесуге оң ықпалын тигізеді.
Бөлісу:
Фотогалерея









