Педагогикалық қайта даярлау курстарына құжаттар қабылдануда

Астана Халықаралық университетінде педагогикалық қайта даярлау курстарына құжаттар қабылдануда. Бұл – осы курсқа жарамды кәсіби дипломы бар кез-келген маман үшін таптырмас мүмкіндік. Өйткені, бағдарлама қысқа мерзім ішінде білім беру саласында кәсіби қызмет атқаруға қажетті педагогикалық білім алуға көмектеседі. Яғни, арнайы білім беру бағдарламасын сәтті аяқтаған мамандарға ресми сертификат беріледі.
Құжаттар 10 қыркүйекке дейін қабылданады.
Сұрақтар бойынша байланыс:
📞 Телефон / WhatsApp: +7 (702) 519-10-35
|
№ п/п |
Педагогикалық қайта даярлаудың сертификатталған курстары бойынша білім беру бағдарламасының атауы
|
Педагогикалық қайта даярлау курстарына қатысуға болатын білім беру бағдарламаларының тобы |
|
1. |
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие: |
B041 Психология B090 Әлеуметтік жұмыс |
|
2. |
Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі: |
B041 Психология B090 Әлеуметтік жұмыс |
|
3. |
Музыкалық білім: |
B021 Орындаушылық өнер B022 Эстрада өнері B023 Инструментальді орындаушылық B024 Музыкатану және өнертану B025 Дәстүрлі музыка өнері B026 Дирижерлеу және композиция |
|
4. |
Көркем еңбек және бейнелеу өнері мұғалімі: |
B030 Бейнелеу өнері B031 Сән, дизайн B073 Архитектура |
|
5. |
Математика: |
B055 Математика және статистика |
|
6. |
Физика: |
B054 Физика B056 Механика B062 Электротехника және энергетика B063 Электротехника және автоматизация B064 Механика және металл өңдеу |
|
7. |
Информатика: |
B057 Ақпараттық технологиялар B058 Ақпараттық қауіпсіздік B059 Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар |
|
8. |
Химия: |
B053 Химия B060 Химиялық инженерия және процестер B068 Тамақ өнімдерін өндіру B072 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы B085 Фармацевтика B086 Жалпы медицина |
|
9. |
Биология: |
B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар B051 Қоршаған орта B077 Өсімдік шаруашылығы B078 Мал шаруашылығы B079 Орман шаруашылығы B080 Балық шаруашылығы B083 Ветеринария B084 Медбикелік іс (Сестринское дело) B085 Фармацевтика B086 Жалпы медицина B087 Стоматология |
|
10. |
География: |
B034 Тарих B052 Жер туралы ғылым B075 Кадастр және жерге орналастыру B077 Өсімдік шаруашылығы B079 Орман шаруашылығы B081 Жерге орналастыру B082 Су ресурстары және суды пайдалану B091 Туризм |
|
11. |
Тарих: |
B032 Философия және этика B034 Тарих B035 Түркітану және шығыстану B134 Археология және этнология |
|
12. |
Қазақ тілі мен әдебиеті: |
B037 Филология B042 Журналистика және репортерлік іс |
|
13. |
Орыс тілі мен әдебиеті: |
B037 Филология B042 Журналистика және репортерлік іс |
|
14. |
Шетел тілі: екі шетел тілі: |
B036 Аударма ісі B140 Халықаралық қатынастар және дипломатия |
Бөлісу:



