AIU-да халықаралық INTO Foundation бағдарламасы іске қосылды

Астана Халықаралық университеті талапкерлерге халықаралық академиялық ортаға апаратын жаңа мүмкіндікті ұсынады. Жақында университетте әлемге танымал INTO Foundation бағдарламасы ресми түрде іске қосылды. Бұл бастама студенттерге Қазақстанда бір жылдық академиялық дайындықтан өтіп, кейін INTO серіктес университеттерінде оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді.
INTO Foundation – шетелдік университеттерге оқуға түсуге арналған халықаралық дайындық бағдарламасы. Мұнда студенттер академиялық ағылшын тілін меңгеріп, таңдаған мамандықтары бойынша негізгі пәндерді оқиды. Сонымен қатар зерттеу және академиялық жазу дағдыларын дамытады. Бағдарламаның басты ерекшелігі – білім алушылардың халықаралық стандарттарға сай дайындалып, оқуын өзге елдердің жетекші университеттерінде жалғастыру мүмкіндігі. Демек, талапкерлерді тілдік және академиялық тұрғыда бейімдеп, шетелдік оқу жүйесіне бағыттайды. Сондықтан бұл бағдарлама шетелде білім алуды жоспарлаған, бірақ алдымен халықаралық деңгейдегі академиялық дайындықтан өтуді қалайтын жандар үшін өте тиімді таңдау.
INTO Foundation студенттері оқуын әлемнің жетекші университеттерінде жалғастыру мүмкіндігіне ие. Нақтылап айтсақ, олар үшін АҚШ, Ұлыбритания, Испания және Австралия елдерінің оқу орындарында білім алуға жол ашылады.
Қазіргі уақытта бағдарламаға қабылдау басталды. Талапкерлер толық ақпаратпен арнайы сайт арқылы танысып, өтінімдерін жолдай алады.
Бөлісу:



