«ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАР ӘЛЕМІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ASTANA INTERNATIONAL UNIVERSITY
(Қазақстан, Астана)
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ (Қазақстан, Шымкент)
БАКУ СЛАВЯН УНИВЕРСИТЕТІ (Әзербайжан, Баку)
ТЕРМЕЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ (Өзбекстан, Термез)
2026 жылғы 26–27 қарашада Астана қаласында (Қазақстан) өтетін
«ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАР ӘЛЕМІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ»
атты Халықаралық ғылыми веб-конференцияның жұмысына қатысуға шақырады
010000, Қазақстан, Астана қ-сы, Қабанбай батыр даңғылы, 8
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
«Цифрлық трансформациялар әлеміндегі филология» атты Халықаралық веб-конференцияға мектеп басшыларын, педагогтерді, әдіскерлерді, колледждер мен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды қатысуға шақырамыз.
Конференцияның мақсаты – цифрлық дәуірдегі филологияның дамуындағы заманауи үрдістер мен перспективаларды талқылауға арналған халықаралық ғылыми алаң қалыптастыру, сондай-ақ лингвистика, әдебиеттану, тілдік білім беру және гуманитарлық зерттеулерде инновациялық технологияларды қолдану салаларындағы ғылыми зерттеулер мен практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Интернет кеңістігіндегі түркі тілдерінің қызметі: білім беру және коммуникация.
- Филологияны зерттеу мен оқытудағы жасанды интеллект және цифрлық технологиялар.
- Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудағы цифрлық білім беру ресурстары.
- Педагог және заманауи білім беру мультимедиялық ресурстары.
Конференция аясында «Онлайн форматтағы филология: инновациялық қызметтің жаңа бағдарлары» тақырыбында қатысушылардың шеберлік сыныптары (мастер-кластары) келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
- Педагог және заманауи білім беру мультимедиялық ресурстары.
- Оқу мәдениетінің трансформациясы: цифрлық ортадағы әдебиеттің өмір сүруінің жаңа формалары.
- Цифрлық лингвистика: цифрлық ортадағы тіл трансформациясын зерттеу.
Конференция қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, аралас (гибридті) форматта өткізіледі. Конференция жұмысына онлайн қосылу сілтемелері 2026 жылғы 23 қарашада конференция бағдарламасымен бірге қатысушыларға жіберіледі.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция материалдары бойынша мақалалардың электрондық жинағы шығарылады. Жарияланымның түпнұсқалығы – кемінде 70%. Конференция жұмысына қатысу және материалдарды электрондық жинақта жариялау тегін негізде жүзеге асырылады. Барлық қажетті материалдарды ұйымдастыру комитетіне «Тегі Тіркеу нысаны», «Тегі Мақала» немесе «Тегі Бейнематериал» атауларымен бір электрондық хатпен 2026 жылғы 20 қарашаны қоса алғанға дейін жіберулеріңізді сұраймыз.
Электрондық жинақтың нұсқасы 2026 жылғы 20 желтоқсаннан бастап Astana International University сайтының https://www.aiu.kz/ru/science/conf бетінде жүктеп алуға қолжетімді болады.
Тіркелу формасы (жарияланым тіліне сәйкес толтырылады)
|
Автордың Т.А.Ә. (толық жазылуы) |
|
|
Жұмыс орны |
|
|
Ғылыми дәрежесі/атағы |
|
|
Лауазымы |
|
|
Байланыс телефоны |
|
|
E-mail (қолданыстағы) |
|
|
Конференция секциясының атауы / Бейнеформаттағы шеберлік сыныбы |
|
|
Мақаланың атауы / Бейнероликтің атауы |
|
|
Қатысу формасы (онлайн/оффлайн) |
|
Жариялауға ұсынылатын материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар
Мақала мәтіні doc форматында (Microsoft Word 2003–2007) ұсынылады. Парақ форматы – А4 (297×210 мм). Бет параметрлері: барлық жиектері – 2 см, беттер нөмірленбейді. Қаріп: Times New Roman, кеглі – 14 pt, аңдатпа, түйінді сөздер және әдебиеттер тізімі үшін – 12 pt. Мәтін ені бойынша теңестіріліп, тасымалсыз рәсімделуі тиіс, абзацтық шегініс – 1,0 см. Жоларалық интервал – 1. Көлемі – 5–7 бет.
Мақаланың атауы ортаға қарай орналастырылады (14 pt, бас әріптермен, қою қара түс). Бір жол төмен, оң жақ шетте автордың (авторлардың) тегі мен аты-жөнінің инициалдары (12 pt, қалыпты қаріп, қою қара түс), жұмыс орны, елі, қаласы, e-mail (12 pt, қалыпты қаріп) көрсетіледі. Келесі жолда жарияланым тілінде және ағылшын тілінде аңдатпа (100 сөзден аспайды) мен түйінді сөздер (7 сөзден аспайды) беріледі (12 pt, курсив). Тырнақшалар « » түрінде рәсімделеді. Келтірілген мысалдар курсивпен ерекшеленеді. Пайдаланылған ақпарат көздерінің нөмірленген тізімі мақаланың соңында (12 pt) сілтемелердің берілу ретімен орналастырылады. Дереккөздің нөмірі мен беті шаршы жақшада көрсетіледі [1: 17].
Кестелер мен графикалық материалдарды рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар мен ережелер:
- кестелерді рәсімдеу. Әрбір кесте нөмірленіп, атауы болуы тиіс. Кестенің нөмірі мен атауы кестенің үстіне, сол жақ шетке орналастырылады. Нөмірі «1-кесте» («Таблица 1», «Table 1») түрінде рәсімделеді, қаріп стилі – курсив. Кесте атауы сызықша арқылы жазылады;
- графикалық материалдарды рәсімдеу. Графикалық материалдар сканерлеуді қолданбай, «Microsoft Graph» немесе «Excel» бағдарламаларының көмегімен дайындалуы тиіс. Графикалық объектілер сурет немесе топтастырылған объектілер түрінде беріледі. Графикалық объектілер бет жиектерінен шықпауы және бір беттен аспауы тиіс;
- әрбір объект нөмірленіп, атауы болуы тиіс. Объектінің нөмірі мен атауы объектінің астына, сол жақ шетке орналастырылады. Нөмірі «1-сурет» («Рисунок 1», «Picture 1») түрінде рәсімделеді;
- формулаларды рәсімдеу. Математикалық формулалар «Microsoft Equation» формула редакторы арқылы рәсімделеді. Олардың нөмірі оң жақта жақша ішінде көрсетіледі. Формулалар саны көп болған жағдайда, оларды әр бөлім бойынша жеке нөмірлеу ұсынылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу ережелері:
Войскунский А.Е. Интернет метафоралары // Философия мәселелері. – 2001. – № 11. – 64-79 б.
Ұйымдастыру комитеті мақалаларды кейіннен жариялау үшін іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Материалдар келіп түскеннен кейін Ұйымдастыру комитеті 3 жұмыс күні ішінде автордың мекенжайына олардың алынғанын растайтын хат жібереді. Мақалалар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды, ұсынылған мақалалардың мазмұнына және құқыққа қайшы алынған мәтіндерді пайдалануға (плагиатқа) авторлар жауапты болады. Материалдар авторлық редакцияда жарияланады.
Бөлісу:



