Тәуелділікке психологиялық көмек: Германия маманымен вебинар

2024 ж. 16 қар., сб, 12:00

16 қарашада Астана Халықаралық Университетінің «Психология» білім беру

бағдарламасының 1–4 курс студенттері үшін маңызды вебинар өтті. Дармштадт

қаласындағы (Гессен, Германия) тәуелді адамдарды емдеу клиникасының

жетекшісі, психология магистрі Aigerim Steinberg «Тәуелділік кезіндегі

психологиялық көмек» тақырыбында дәріс оқыды.

Вебинар барысында тәуелділіктің түрлері, ерекшеліктері мен салдары

қарастырылып, тәуелді адамдармен жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Спикер

тәуелділіктің пайда болу себептері, осы мәселемен жұмыс істеу әдістері мен

тәсілдері туралы айтып берді. Сонымен қатар, Айгерим Штейнберг

Германиядағы тәуелділікпен күресу жолдары туралы ақпаратпен бөлісті. Іс-

шара студенттерге тәуелділік мәселесін тереңірек түсінуге және халықаралық

тәжірибемен танысуға мүмкіндік берді.


51