17–21 қараша 2025 жылы Turan University ұйымдастырған «Psycho»
халықаралық психологиялық зерттеулер форумы аясында 20
қарашада «PSYGLOBAL» психология апталығының іс-шарасы өтті. Осы
шараға Astana International University-дан психология мамандығының
оқытушысы, психолог Сапарова Гүлнұр Танысқабайқызы спикер ретінде,
ал 4 курс студенттері қонақ ретінде шақырылды.
Университет қонақтарды жылы қарсы алып, ұйымдастыру деңгейі өте жоғары
болды. Форум барысында 5 спикер өз тәжірибелерімен, кәсіби көзқарастарымен
және психология саласындағы өзекті тақырыптармен бөлісті. Әр спикердің сөзі
мазмұнды, терең әрі практикалық болды.
Ең қызықты сәттердің бірі – студенттердің белсенділігі. Олар спикерлерге
көптеген сұрақ қойып, пікір алмасып, нақты жағдайлар бойынша кеңестер
сұрады. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
«PSYGLOBAL» бізге жаңа білім, жаңа эмоциялар мен шабыт сыйлаған керемет
шара болды. Осындай мүмкіндік бергені үшін Turan University ұжымына
алғысымызды білдіреміз!


