Испания Елшісі AIU студенттерімен кездесті

2026 ж. 4 нау., ср, 13:31

Astana International University-де Испания Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес мырзамен жылы әрі нәтижелікездесу өттіҚұрметті қонақтың сапары университет басшылығыменресми сұхбаттан басталыпелдер арасындағы білім беру және тәжірибеалмасудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды. AIU басшылығы ерекшеқұрметтің белгісі саналатын қазақтың қамшысын мәртебелі қонағымызғаестелік сыйлыққа берді.  

Сапардың жалғасы Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялықсеріктестікке арналған ашық дәріске ұластыЕлші мырза еліміздіңтарихында қалған «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матч, сондай-ақҚазақстандағы заманауи өнердің символына айналған Жауме Пленсаның әйгілі мүсіні және де Netflix-тің қатысуымен түсірілген Карлаг туралы ауқымды киножобаны тілге тиек ете келе екі ел арасындағыынтымақтастықты жаңа қырынан ашты

Сұрақ-жауап кезінде студенттеріміз әлемдік деңгейдегі маманнан құнды кеңестер алдыЖастардың бойында ерекше әсерқалдырғаны елшінің студенттермен өте ашық сөйлесіпқарапайым түрдетікелей қарым-қатынас жасауыМұндай іс-шаралар AIU студенттеріне оқумен мансапта жаңа белестерді бағындыруға шабыт береді.


187