AIU жасанды интеллект арқылы түркі мұрасын сақтауға көмектеседі

2026 ж. 4 нау., ср, 12:35

Қазіргі таңда мәдени құндылықтарды цифрлық форматқа көшіру әлемдік деңгейдегі маңызды міндеттердің бірі. ЮНЕСКО сияқты халықаралық ұйымдар тарихи жәдігерлерді келешек ұрпаққа жеткізу барысында жасанды интеллектті белсенді қолданып келеді. Түркі әлемінің тарихын қорғаудың маңыздылығын түсіне отырып және әлемдік технологиялық трендтерді негізге ала отырып, Astana International University ауқымды цифрлық жобаларға қатысуын жалғастырып келеді.

Осы мақсатта 2026 жылдың 3 наурызында университет «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (НИТ), Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қоры және Astana Hub халықаралық технопаркімен бірлескен төртжақты Меморандумға қол қойды. Бұл келісім түркі халықтарының мәдени мұрасын цифрландыру және оны сақтап қалу барысында заманауи жүйе құруға бағытталған. Серіктестердің басты мақсаты: жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, тарихи құндылықтарды бүкіл әлемге таныту.

Құжаттың ең маңызды бөлігі — AlemGPT платформасы негізінде Түркі мұрасының цифрлық платформасын жасау. Жоба аясында тарихи мәліметтерді жинақтау үшін қажетті құжаттар әзірленіп, түркі әлемінің тарихын көрсететін сапалы цифрлық мазмұн дайындалады, сондай-ақ, заманауи технологиялық талаптар мен халықаралық интернет ережелеріне сай жасалмақ.

Бұл үлкен жоба Alem AI халықаралық жасанды интеллект орталығының базасында жүзеге асырылады. Мұндай платформаның құрылуы ғалымдар мен мамандардың басын қосып, түркі әлемінің тарихи байлығын зерттеуге арналған ортақ цифрлық кеңістік қалыптастыруға жол ашады. AIU үшін бұл жобаға қатысу университеттің ғылыми зерттеулерді заманауи цифрлық нәтижеге айналдыра алатын инновациялық орталық екенін тағы да дәлелдейді.

 


209