Бүгін
Астана Халықаралық университетінің қабырғасында қос дипломдық білім беру
бағдарламаларын әзірлеуге арналған ауқымды воркшоптың екінші күні өтті.
Университет басшылығы, жоғары мектеп декандары және білім беру бағдарламалары
жетекшілерінің басын қосқан бұл шарада студенттеріміздің білімін әлемдік
деңгейге көтеру міндеті талқыланды.
Кездесудің
басты назары күрделі теорияны тәжірибелі практикаға айналдыруға бағытталды.
Воркшоп қатысушылары студенттің бір мезгілде екі мемлкетте оқып, нәтижесінде
екі толыққанды диплом алуы үшін Қазақстан мен шетелдік жоғары оқу орындарының
оқу жоспарларын қалай біріктіруге болатынын егжей-тегжейлі талқылады. Мұндай
мүмкіндіктер түлектеріміз үшін ірі халықаралық компанияларға жұмысқа тұруына
жол ашады. Айта кетейік, біздің университетімізде мұндай тәжірибе алмасу және
озық білім беру стандарттарын енгізу бойынша жаңа бастамалар British Council қолдауымен жүзеге
асырылуда.
Қызу
пікірталас барысында сарапшылар құқықтық нюанстарды ғана емес, сонымен қатар
нақты студенттік тәжірибені де талқылады. Басқа елге көшу жайлы болуы үшін
академиялық ұтқырлықты қалай ұйымдастыру керек? Білімді бағалау жүйесін
халықаралық талаптарға қалай бейімдеуге болады? Бұл сұрақтардың жауабы топтық
жұмыс барысында қарастырылып, әр факультет AIU-дағы қос дипломдық білім берудің
бірыңғай Ережесін жасау бойынша өз идеяларын ұсынды.
Екінші
күннің нәтижесі ретінде Қазақстанның жетекші университеттерінің кейстерін
егжей-тегжейлі талдау және жеке даму стратегиясын әзірлеуді айта аламыз.
Қатысушылар тек жаңа білім алып қана қоймай, оны іс жүзінде қолданып,
келешектегі бағдарламалардың нобайын сызды. Воркшоп соңында діттелген
нәтижелерді ортаға салып, әр қатысушыға салтанатты түрде сертификаттар
табысталды.











