2026 жылдың 26 ақпан күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Астана халықаралық университетінің көптен күткен іс-шараларының бірі — «AIU Аруы – 2026» байқауы өтті. Салтанатты кешке университет басшылығы, оқытушылар мен студенттерден құралған 500-ден астам көрермен жиналып, арулардың өнері мен парасатына куә болды.
Байқаудың басты ерекшелігі — тек сыртқы сұлулықты ғана
емес, әйел затының қоғамдағы мәртебесі мен қазіргі заманғы қыз баланың бейнесін айқындауға бағытталды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы соңғы өткен Ұлттық құрылтайда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа, соның ішінде сталкинг пен некеге мәжбүрлеу сияқты жат әдеттерге түбегейлі қарсы тұру керектігін қадап айтқан еді. Осы тұрғыда біздің студент қыздарымыз өз өнерлері мен жауаптары арқылы әрбір әйел баласының құқығы мен ар-намысы мемлекет тарапынан қатаң қорғалатынын жеткізе білді.
Тартысты әрі мазмұнға толы кештің қорытындысы бойынша:
Бас жүлде «AIU Аруы – 2026» титулын Педагогикалық институт студенті — Жолдас Айша қанжығасына байлады.
I орынды Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенті — Ертуған Дамира еншілесе, II орынды Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің студенті — Кәкімова Аймөлдір тізгіндеді. Ал кезекті III орын Экономика жоғары мектебінің студенті — Батырханқызы Айнұрға бұйырды.
Студенттер істері жөніндегі департаментің ұйымдастыруымен өткен бұл кеш әйелге деген құрмет сезімін нығайтқан маңызды тәрбиелік шара болды. Барлық жеңімпаздардың мерейі үстем болсын
дейміз!
















