AIU: Мәдениеттер тоғысқан достық мекені!

2026 ж. 16 ақп., дс, 07:32

2026 жылдың 14 ақпан күні AIU қыздар жатақханасында достық пен мәдени алмасудың жарқын кеші өтті!

Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолиядан келген студенттер біздің білім алушылармен бірге өздерінің шығармашылық нөмірлерін ұсынып, ұлттық дәстүрлерімен бөлісті және көрермендерге ұмытылмас эмоциялар сыйлады. Бұл кеште әндер шырқалып, мың бұрала билер биленді, ал сахнамыз шабыт пен бірліктің алаңына айналды.

Мұндай іс-шаралар біздің университетімізді түрлі мәдениеттер тоғысатын, достық нығайып, таланттар ашылатын мекен деп көрсетеді.

Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға жылулық пен шынайылыққа толы атмосфера үшін алғыс айтамыз!


64