Қазіргі заманда
мемлекеттердің табысты дамуы үшін көрші елдермен тығыз байланыс орнатуы маңызды.
Орталық Азия әлемдік нарықтар арасындағы негізгі көпірге айналып келе жатқанда,
университеттер мен сараптамалық орталықтардың рөлі ерекше рөлге ие болады. Осы
бағытта ағымдағы жылдың 13-ші ақпан күні AIU базасындағы CFive зияткерлік
платформасында Халықаралық жекеменшік кәсіпкерлік орталығының (CIPE)
өкілдерімен маңызды кездесу өтті. Басқосудың негізгі мақсаты біздің аймақтағы
интеграциялық процестер мен экономикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылау
болды.
Дискуссияға
CIPE ұйымының Евразия өңіріндегі бағдарламаларын дамытуға жауапты жетекші
мамандары Наталья Отель Белан, Джереми Коэн және Мақсат Короолуев қатысты. AIU
тарапынан университет президенті Серік Ирсалиев пен CFive басшысы Сапарғали
Шалғымбаев қатысып, сараптамалық жұмыстарды нақты экономикалық өзгерістерге
қалай айналдыруға болатыны туралы ой бөлісті. Тараптардың өзара талқысы орталық
Азия елдері мен АҚШ арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және бизнес
ортаны жетілдіру мәселелерін де айналып өткен жоқ.
Кездесу
барысында өңірлік интеграцияны қолдау, білім беру және талдау салаларында
бірлесіп әрекет ету мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. AIU үшін CIPE
сияқты ірі халықаралық ұйымдармен серіктестік орнату ауқымды стратегиялық
басымдық. Бұл қадам университеттің халықаралық білім хабы ретіндегі мәртебесін
нығайтып, ғалымдарға әлемдік озық тәжірибемен танысуға мүмкіндік береді.
Осылайша, университеттегі ғылыми зерттеулер нақты нарық сұраныстарымен және
жаһандық трендтермен үндеспекші.
Университет
басшылығы теория мен практика тоғысатын ерекше орта құрып жатқанын атап өтті.
CIPE-мен ынтымақтастық зерттеушілерімізге аймақтың жаңа экономикалық әлеуетін
қалыптастыруына тікелей қатыса алады. Кездесу өте жылы өткенін әрі екі жақ тараптың
алдағы уақытта да бірлескен жобаларды дамытуға ниетті екенін растады.

