Халықаралық
зерттеулер бойынша, әскери дайындығы бар түлектер өзгелерге қарағанда басшылық
лауазымға 25%-ға жиі ие болады. Қазіргі таңда көшбасшылық дағдысы мен
темірдей тәртіп кәсіби білімнен кем түспейді. Әскери дайындықтың болмауы
мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында мансап құруға кедергі болуы
мүмкін.
AIU университеті 2022 жылдан бері Astana
IT University-мен жасалған ынтымақтастық туралы келісім негізінде 6 жылдан
астам уақыт бойы әріптестік байланыс орнатып келеді, аталған келісім аясында
біздің студенттер Astana IT University әскери кафедрасында білім алу
мүмкіндігіне ие.
Осы
орайда 27-28
қаңтар күндері әскери кафедраға қабылдау мәселелері бойынша подполковник
Каиржанов Асет Сагындыкович пен подполковник Мұхамеджанова Шынар Сайлаухановна
ақпараттық-агитациялық кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында студенттерге
конкурсқа қатысу тәртібі, құжат тапсыру талаптары және іріктеу кезеңдері туралы
толықтай түсіндірілді.
Әскери
кафедраға құжаттарды қабылдау 3-ші ақпан күні Astana IT университетінде
басталады және белгіленген талаптарға сәйкес конкурс негізінде жүргізіледі.
Қазіргі
уақытта Astana IT университеті әскери кафедрасында біздің университеттің 113
студенті білім алуда, оның ішінде 5-еуі қыз бала.
Университетіміз
студенттердің әскери даярлықтан өту мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жұмысын
жалғастырады.

