«Заманауи қоғам және ұлттық дәстүр: үйлесім мен ұстаным» семинары

2026 ж. 23 қаң., жм, 10:45

23.01.2026. КазМедиа алаңында өткен «Заманауи қоғам және ұлттық дәстүр: үйлесім мен ұстаным» тақырыбындағы семинарға Халықаралық Астана университетінің Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенттері мен оқытушылары қатысты.

Іс-шара барысында ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғам арасындағы өзара байланыс, мәдени мұраны сақтау және оны қазіргі заман контекстінде дұрыс қолдану мәселелері кеңінен талқыланды. Семинар спикерлері қатарында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы болды.

Сондай-ақ семинар аясында «Заманауи қоғам және құндылықтар жүйесі» тақырыбында суретші, дизайнер, «Қазақ оюлары» кітабының авторы Қожабаев Ерлан Жанахметұлы алғы сөз сөйлеп, ұлттық өнердің маңызына тоқталды.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Артықбаев Жамбыл Омарұлы «Қазақ ою-өрнегі мағыналар жүйесі ретінде: ережелері, қолданылу мақсаты және интерпретация шектері» тақырыбында баяндама жасап, ою-өрнектің символдық мәнін ғылыми тұрғыда талдап өтті.
Ал Мерхамитқызы Фарида «Қазақтардың дәстүрлері мен ұлттық бірегейлігі: тарихи сабақтастық және заманауи сын-қатерлер», сондай-ақ «Ұлттық ою-өрнектерді дұрыс қолдану» тақырыптарында мазмұнды ой бөлісті.

Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовпен пікір алмасып, естелік суретке түсті. Семинар ұлттық дәстүр мен заманауи қоғам арасындағы үйлесімді тереңірек түсінуге, сондай-ақ студенттердің мәдени-танымдық көкжиегін кеңейтуге зор мүмкіндік берді.


112