Экочеллендж нәтижелері: AIU студенттерінің пластик қалдықтарын жинаудағы белсенділігі тұрақты даму бағытындағы ілгерілеуді көрсетті















10 қарашада басталып, 15 қараша - Дүниежүзілік қайта өңдеу күніне орай ұйымдастырылған Astana International University-дің Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің ЭкоЧелленджі өз мәресіне жетті. Экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған бұл іс-шараның қорытындысы 28 қараша күні жарияланды.
ЭкоЧеллендж G-Global жасыл экономика мен даму коалициясы мен Astana International Universityарасындағы меморандум аясында жүзеге асырылып отырған Restart жобасының маңызды бөлігі болып табылады.
Restart жобасы: кезеңдік даму және экологиялық сауаттылықты арттыру
Университет студенттері арасында қалдықтарды дұрыс басқару мәдениетін қалыптастыруға бағытталған Restart жобасы бірнеше кезең бойынша жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
🔹 AIU студенттері 2024 жылдан бастап пластик қалдықтарын Sparklo фандоматтарына тапсыру арқылы қайта өңдеудің қолжетімді тетіктерін белсенді қолдана бастады.
🔹 2025 жылы жоба инфрақұрылымы кеңейіп, пластик қалдықтарын қабылдау бағыттары толықтырылды: Freedom фандоматтары, LS Astana – қайталама шикізатты қабылдау және өңдеу пункті.
LS Astana - тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдап, сұрыптап және қайта өңдеу кәсіпорындарына жөнелтетін экологиялық орталық. Студенттердің бұл пунктті белсенді пайдалануы экологиялық сауаттылықтың артуын көрсетеді.
Экочеллендж нәтижелері
Челлендж нәтижесінде келесі көрсеткіштер тіркелді:
· 50-ден астам бейнеролик қабылданды;
· 500 студент белсенді қатысты;
· 500 кг пластик қалдығы қайта өңдеуге жіберілді.
Бұл көрсеткіштер студенттердің тұрақты даму бастамаларына деген жоғары қызығушылығын көрсетеді.
Жеңімпаздар
🥇 1орын – ЭиП 25A тобы
🥈 2 орын – ИЯ 24-3 тобы
🥉 3 орын –Химия 24А тобы
ЭкоЧеллендж арқылы келесі БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына үлес қосылды:
ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар, ТДМ 12 – Жауапты тұтыну және өндіріс, ТДМ 13 – Климаттың өзгеруімен күрес, ТДМ 17 – Серіктестікті дамыту
10-28 қараша аралығында өткен, 15 қараша - Дүниежүзілік қайта өңдеу күніне арналған ЭкоЧеллендж AIU студенттерінің экологиялық жауапкершілігін арттырып, қайта өңдеу мәдениетін жандандыра түсті. Restart жобасы мен G-Global жасыл экономика мен даму коалициясымен серіктестік университеттің тұрақты даму бағыты бойынша маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
AIU келешекте де экологиялық бастамаларды қолдауды және ТДМ бағыттарын жүзеге асыруды жалғастырады.
Ұйымдастырушылар: Қыдырова Айдана Саламатқызы, Карабалаева Айман Бейсембаевна
Бөлісу:
Фотогалерея







