AIU және Познань жаратылыстану ғылымдары университеті бірлескен ғылыми вебинар өткізді

2025 ж. 21 қар., жм, 06:38

2025 жылдың 20 қарашасында Астана халықаралық университеті (Astana International University, AIU) мен Познань жаратылыстану ғылымдар университеті (UPP, Польша) бірлесіп халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту мақсатында ғылыми вебинар өткізді.

Іс-шара аралас форматта ұйымдастырылды. Офлайн форматта  Aстана халықаралық университетінің  207-аудиториясында және онлайн түрде  Қазақстан, Польша және басқа елдердің қатысушылары да қатысты. Вебинар Астана уақытымен 14:00-де басталды.

Қатысушыларға Познань жаратылыстану  ғылымдар университетінің ректоры, профессор Krzysztof Szoszkiewicz құттықтау сөз сөйлеп, экологиялық зерттеулер саласындағы қазақстан мен поляк ғылыми ынтымақтастығын кеңейтудің маңызын атап өтті.

Вебинар модераторлары профессор Klaudia Borowiak, Қоршаған ортаны инженерлік қорғау факультетінің деканы (UPP) және Руслан Мұратов, Жаратылыстану жоғары мектебінің деканы (AIU) болды.

Модераторлар іс-шараның ғылыми үйлестіруін қамтамасыз етіп, экологиялық мәселелер мен су экожүйелерін зерттеудің заманауи әдістерін талқылауға қолайлы орта қалыптастырды.

Вебинар барысында ғылыми баяндамалар ұсынылды. Атап айтсақ, Dr. Michał Brzozowski (UPP) «Жылымықтың перифитонға, су өсімдіктеріне және харофиттерге әсерін орташа белдеудегі жылыған көлдерде эксперименттік зерттеу» тақырыбында өтті.
Баяндамада климаттың жылынуының су экожүйелерінің құрылымы мен қызметіне әсерін көрсететін көпжылдық эксперименттік бақылаулардың нәтижелері ұсынылды.

Профессордың міндетін атқарушы  Жамангара Айжан Қашаганқызы (AIU) «Су экожүйелерінің ластану мәселелері және оларды қалпына келтірудің заманауи әдістері» тақырыбында сөз сөйледі. Спикер антропогендік әсерді бағалаудың заманауи тәсілдері мен су нысандарын қалпына келтірудің инновациялық стратегияларын ашып көрсетті.

Ғылыми вебинар білім алмасудың, ғылыми байланыстарды нығайтудың және болашақтағы бірлескен зерттеулердің перспективаларын талқылаудың тиімді алаңына айналды.

AIU және UPP экология және тұрақты даму саласында бірлескен зерттеулерді жалғастыруға, академиялық ұтқырлықты дамытуға және халықаралық ғылыми іс-шараларды өткізуге дайын екенін білдірді.


1729